Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көршілеріміз спортты дамытуда мүмкіндікті сәтті пайдаланды": Ермахан Ыбрайымов өзбек боксшыларының жетістігіне қуанышты екенін айтты

Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов боксшылардың Париж олимпиадасындағы сәтсіздігіне қатысты пікір білдіріп, боксшыларымыздың 2028 жылғы олимпиадада сәтті өнер көрсететініне сенімді екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: sk-sport.kz

Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Instagram-парақшасында Қазақстан спортында буын алмасу кезеңі жүріп жатқанын және Өзбекстан боксымен салыстыру бір олимпиадаға байланып қалмағанын айтты. 

“Бір цикл ғана бойынша Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді. Ұзақ жылдар бойы жеткен жетістіктерге де қарау керек. Қазақстанда қазір ізбасарлар сабақтастығы белсенді алмасып, жаңа есімдер пайда болып жатыр. Бұл біздің болашақ чемпиондарымыздың тәжірибе жинақтап, іріктелер кезеңі.

Лос-Анджелесте талай жеңістерге қол жеткізетіміз сөзсіз. Қазір Өзбекстанда олимпиадалық шыңырау шегі. Өзбекстанның мықты спортшылары екінші мәрте олимпиада чемпионы атанып жатыр. Біздің басымыздан да кезінде шарықтау сәттері өткен. Көршілеріміз жеткен жетістіктері үшін, спортты дамытуда мүмкіндікті сәтті пайдалана алғаны үшін қуанумыз керек. Әлем бір қалыпта дамымайды – бұл қалыптасқан заңдылық", - деді боксшы.

Айта кетейік, Париж олимпиадасында Қазақстан құрамасы бір күміс пен қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Ал Өзбекстан құрамасы 5 алтын алып, айды аспанға бір-ақ шығарған.  

Талқылау