Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігер халықтан кешірім сұрады
Алматыда коронавирусты 70 адам жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеп.

Аз уақыт ішінде жалған ақпартты таратқан дәрігердің жеке басын анықтай алған полицейлердің еңбегін атап өткен жөн. Ол Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының дәрігері болып шықты. Енді оған жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік төніп тұр.
"Мен 70-ке жуық адам вирусты жұқтырды деп айтқан қателігімді мойындаймын. Достарымнан естіген жаңалықты жаңсақ түсіндім. Өз республикамның, өз халқымның алдында кешірім сұраймын. Барлықтарыңыздан мен сияқты жалған ақпараттарды таратпауларыңызды өтінемін. Мені кешіріңіздер, алдағы уақытта өте абай боламын", - деді ұсталған азамат Думан Айтжанов.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді