Қорғас шекара аймағында қарулы қақтығыс болды
6 қыркүйекте "Қорғас" шекара маңы халықаралық орталығының аумағында қарулы төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабрлайды.
Жаппай төбелес видеоға түсіп қалған. Бір минуттық видеода екі ер адам арасындағы төбелестің қалай басталғанын көруге болады. Әрі қарай басқа адамдар да қақтығысқа қосылған.
Жетісу облысы полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қақтығыс 20 мен 26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар арасында болған. Полиция олардың кім екенін анықтады. Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
"Төбелес салдарынан жарақаттанған мен зардап шеккендер жоқ. Тергеу жасалып жатыр. Оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысты адамдардың барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оқиға орнынан травматикалық тапанша табылды. Ол тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.