"Көптен күткен арманым": Ақбота Нұр қуанышты жаңалығын бөлісті
Отандық эстраданың жарық жұлдызы, әнші, актриса Ақбота Нұр баспаналы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Өнер иесінің айтуынша, жаңа қонысының құрылысы толығымен біткен.
“Ал, қыздарыңыз үйлі болды! Құттықтауларыңызды күтемін!”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары жаппай жаңа қонысқа құтты болсын айтып жатыр. “Баспанаң құтты болсын! Іші толған бала-шаға болсын! Той мен қуанышқа есігі ашылсын!”, “Жарайсың, адал еңбегің мен табысың” деп жазды тыңдарман қауым. “Жалғыз тұра ма, балалары көрінбейді” дейді енді бір оқырманы.
Сондай-ақ әнші алдағы жоспарларын да айтты. Ол жаңа жылды Кореяда қарсы алған.
“Жанға серпіліс беретін, көзқарасты кеңейтіп, жаңа мәдениеттермен танысуға мүмкіндік сыйлайтын бір ғажайып іс бар, ол – шетелге саяхат. Бұл барыста әлемнің таңғажайып табиғат көріністерін, тарихи орындарын және сәулет өнерінің шедеврлерін тамашалау мен үшін қандай бақыт десеңізші?! Жаңа тағамдардың дәмін татып, сол елдің сазды үнін есту тым бөлек. Әрбір жаңа сапарымда бейтаныс адамдардың жылы қабақтары қарсы алады, өз ерекшелігімен таңғалдыра түседі. Саяхат маған тек жаңа көріністерді ғана емес, сонымен қатар жан-жақты даму мүмкіндігін де сыйлайды.
Мен тағы да қуандым, 2024 жылды ерекше елде қарсы алдым! Корея еліне және айналамдағы жастарға ризашылық білдіремін әдемі сапар, әдемі күндер, жанға жылу беретін ыстық естеліктер үшін”, – дейді талантты әнші.
Еске салайық, әнші екінші рет тұрмысқа шығуға дайын екенін жазған болатынбыз.