"Қонақүйлерде тазалаушы болып жұмыс істеген" Елордада полицейлер Нигерия азаматын Қазақстаннан шығарып жіберді
Елордалық полицейлер Нигерия азаматын Қазақстаннан шығарып жіберді. Деректерге сай ол сот шешімімен елден шығуға міндеттелсе де, кетпей қонақүйлерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Астана қаласының полиция департаменті
Полиция мәліметінше 21 жастағы мигрант ағымдағы жылдың мамыр айында сот шешімімен елден шығарылған.
"Алайда шетелдік өз еркімен Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеді. Астана мен Алматыда қонақүйлерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Әкімшілік соттың шешімімен шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылды. Ол әуе рейсімен отанына жіберілді", - деп хабарлады полиция.
4 күн ішінде елордада шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 644 фактісі анықталған.
Сондай-ақ 20 азамат шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылды.
Астанадан Қазақстан Республикасынан 69 шетел азаматы шығарылды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды