Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы атыс кісі өлімімен аяқталды – Ішкі істер министрлігі пікір білдірді

Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қонаевтағы атысқа қатысты күдіктілердің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ДСМ

Марат Қожаевтың айтуынша, атыс салдарынан 21, 24 жастағы екі адам ауруханаға түсіп, 21 жастағы жігіт көз жұмған. Одан бөлек 27, 29 жастағы екі азаматқа іздеу жарияланды. 

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды.Қазіргі уақытта оларды қолға түсіру үшін шаралар жүргізіліп жатыр”, – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Дәрігерлер ауруханаға түскен науқастың ауыр жағдайда екенін мәлімдеді.

“27 маусымға қараған түні Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасына 2000 жылы туған ер адам оқ жарақатымен түсті. Хирург-дәрігерлер мен реаниматологтар бригадасы шұғыл түрде ота жасады. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр", – дейді дәрігерлер.

Бұған дейін Алматы облысында адам өліміне әкеп соқтырған төбелеске қатысқан жасөспірімнің үкімі жеңілдетілген еді.

Талқылау