AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолымдағы наным ұшып, сүріндім": Айдарбекова жұбайымен танысқан күнін еске алды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірлік серігі Нұртас Айдарбековпен танысқан күнін еске алды. Үш ұл өсіріп, бүгінде 6 немеренің ата-әжесі атанған Айдарбековтер ол кезде Түркістан қаласында тұрған. Гүлзира Үсенқызы 18 жастағы бойжеткен болса, болашақ жары әскерден жаңа келген сарбаз.


Бұл туралы Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Нұрекең ең алғаш мені көргенде, мен 18 жаста, ал Нұрекең әскерден келген кезі еді. Түркістан қаласында бір микр-да екеуіміз де ең үлкен ағаларымыздың үйінде тұрып жатқанбыз. Ағаларымыздың үйі қарама-қарсы екен. Нұрекең екі үйдің арасындағы беседкада Азат досымен отыр еді. Соңғы автобусқа үлгермей қаламын ба деп жүгіріп келе жатып, сүрініп қолымдағы наным ұшып түскенде оның көзі маған түсіп: 

"Қарындас, асықпаңыз" деген жігіттің дауысын есітіп, ашумен жалт қарағанымда ғашық болып қалған екен. 
Сол жерде жылтың етіп күлгеніңде, олай ғашық болмас едім дейді қазір күліп. Содан соңымнан түсті", – деп еске алды ол. 

Айдарбекованың бұл күнді бүгін еске алуы бекер емес. Арада 34 жыл өткен соң, Нұртас мырза бір кездері сүрінген сүйіктісіне ән арнауда. Продюсер жаңа туындымен алғаш болып бөлісуге асықты.

"Сол кезде сүрінбегеніңде қазір ұлдарымның анасы, немерелерімнің апасы болмас едің, Алла шебер ғой деп, 34 жылдан соң арнаған әні ғой. Алла, баршамыздың бір жастықта абыроймен, толық қанды отбасы болып әдемі қартаюымызды жазсын!" – деп жылы тілекпен сөзін аяқтады Айдарбекова.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр