"Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты: Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді
Продюсер Баян Мақсатқызы экс-күйеуімен болған қайғылы оқиғаны еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Без мишуры" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Баян Мақсатқызының жеке архивінен алынған
Өнер иесі Баян Мақсатқызының айтуынша, оқиға аэропорттан келе жатқанда көлікте болған.
"Аэропорттан соң Тұрсын өз әйелімен сөйлесуге үйіне кетті. Ал мені сол түні қызым құтқарды. Аэропортта тұрғанда оған хабарласып, "аз уақыттан соң үйде боламын, таксиге отырдым" деп хабарластым. Бұл оқиға болмағанда 40 минутта үйге жететінім белгілі ғой. Экс-күйеуім жиенімен бірге келді де, мені отырған көлігімнен басқа көлікке отырғызды. Әрі қарай зорлық-зомбылық көрсетті, 2 сағат бойы қорлық көрдім. Жиені бір нәрсе дұрыс емес екенін сол кезде біліп, өз анасына, яғни экс-күйеуімнің апасына хабарласты. Ал анасы қызым Айсәулеге айтқан", – деді Баян Мақсатқызы қайғылы оқиғаны есіне алып.
Сол продюсер қызының әкесіне телефон соққанын, алайда ол көтермегенін айтады.
"Айсәуле маған, әкесіне соққан, хабарласа алмаған. Сөйтіп Талғар трассасынан бізді табады. Келіп, көліктің есігін ашайын десе, жабық болған. Аяқ киімімен, көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты. Келе жатқанда Айсәуле жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне соғып, бәріне хабарлаған. Мені алып шыққанда ол жерге екеуі де келді. Сөйтіп, ауруханаға апарды", – деді продюсер.
Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызы қазіргі жолдасы Тұрсын Алагөзовпен қалай танысқанын жазған едік.