Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды
Тайван тұрғыны тас жолға шығып, көлікке тап берген жолбарыс питонға шамасы келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған. Артынша ол питонның құйрығынан кейін басынан ұстап, оны көтеріп алған. Жиналғандарға жыланды көрсеткен ол суретке түсу үшін әртүрлі позада тұрыпты.
"Мен қатты қорыққан жоқпын. Ол улы емес қой", - дейді ер адам.
Кейінірек оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, жыланды арнайы құтыға салған. Питонның ұзындығы - 3 метр, салмағы - 25 килограмды құрайды.
Қара жолбарыс жыландары Оңтүстік-шығыс Азияда мекен етеді. Питонның бұл түрінің ұзындығы әдетте - 3,7 метрге дейін барады. Ал ерекше түрлері - 5,74 метр болып келеді.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ