Көлігі аударылып кеткен: БҚО-да полиция қызметкері көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Орал-Тасқала жолында болған. Орал қаласы полиция басқармасының қызметкері Мержан Бисенғалиев Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылы тұсында өзінің Chevrolet Cobalt автокөлігімен аударылып кеткен. Тәртіп сақшысы көлікте жалғыз болған. Ауыр жарақаттардан ол сол мезетте жан тапсырған.
Қазіргі таңда Тасқала аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Марқұмның соңында жары, кішкентай қызы қалды. Мержан ішкі істер органдарына 2002 жылы орналасып, қызмет бабында өзін жақсы қырынан көрсетті. Жауапты да сауатты қызметкерлердің бірі еді, әрдайым жастарға үлгі бола білді", - деді БҚО ПД-нің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.