Көкшетауда бір жарым жасар бала 4-қабаттан құлап кетті
Көкшетауда бір жарым жасар бала 4-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы полицияға облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің медбикесі хабарлаған.
"Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл кезде анасы ас үйде ыдыс-аяқ жуып жатқан, әкесі ұйықтап жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың айғайлаған дауысын естіп төменге түсіп, құлап жатқан балаларын көрген. Ата-анасы баланы өз күштерімен балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді", – делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында.
Бала қазір комада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, баланың бас сүйегі ауыр жарақат алған, бас миы қатты зақымданған және бас сүйегі сынған.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған