Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсенділері Қазақстандағы ЛГБТ мүшелерін түп тамырымен жоймақшы

Елордадағы АҚШ елшілігінде ілінген ЛГБТ туы қоғамда біршама резонанс тудырды. Мұны өрескелдік деп таныған "Намыс" ұлттық қозғалысы елшілікке петиция табыстағанымен, елшілік екі күннен соң жалаудың ілінуін Халықаралық гомофобия күніне орай деп қысқа жауап беріпті.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда алғашқы ЛГБТ митингін өткізу ұсынылды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

Гомосексуализм бағытын ашық жариялап жүргендерді тоқтату керек деген бір топ қоғам белсенділері бүгін дөңгелек үстел өткізді.

Олар бір жыныстылар қазір билік басында, қала берді медиа саласында да өріп жүр деп дабыл қағып жатыр. Елорда төріндегі АҚШ елшігі ЛГБТ өкілдерінің жалауын балконға желбіретіп іліп, біраз жұрт оны жабылып сынап еді. Көп ұзамай қоғам белсенділері де қол жинап, тез арада елшілікке петиция жолдапты.

"Америка елшілігі үн қатпады. Есігін тарс жауып алды да кетсеңдер кетіңдер деді. Қазақ елін құрту яғни ұлымызды Абылайды Абылайгүл деу. Кейін белгілі болғандай елшілік екі күннен соң жауап қатып, ол Халықаралық гомофия күні қарсаңындағы рәсім деп түсіндіріпті. Ол күн 2004 жылдан бері атап өтіліп келеді", - деді қоғам белсендісі Мақсат Мұратұлы. 

Алайда Алматыдағы бір топ белсенді ол жауапты қанағат тұтпай бүгін арнайы жиын өткізді. Жиын барысында жынысын өзгертіп, жұртшылық ішінде ашық жариялап жүргендердің көзін жою керек деген пікір де айтылды.

"Қит етсе анау көгілдір, қит етсе мынау лесбианка. Ммен күнделікті олармен көрісіп амандасамын ғой. Журналистика саласында мен көптеген радиолардан осының себебінен жұмыстан шығып кеткенмін. Үндемеудің өзі оларға қарсы шықпаудың өзі насихат болып саналады", - деді журналист Ардақ Байғабыл.

Дөңгелек үстелге жиналғандар биылғы жылдың 8 наурызында жиналған феминист атын жамылған ЛГБТ өкілдерінің митингіне рұқсат берген билікті де кінәләйды. Ал "әр азаматтың құқы емес пе?" деген сұрақ ешкімді мазаламады.

"Бұл мәселе талқыланбау керек еді. Бұл мәселе бұлай ұйым болып жиналып халық болып талқыланбайтын нәрсе еді. Әр отбасында бұл нәрсе тентегін түзге шығарып тәрбиелемейтін қазағымның үйінде-ақ тәрбиелейтін нәрсе еді". - деді "Өнер қырандары" театрының директоры Мадияр Серікбаев.

Ал феминистер шеруінің басты ұйымдастырушысының бірі Гүлзада Сержан Қазақстан қоғамында онсыз да әйел көп зәбір көреді. Әйелді қолдау, қорғау - оның рөлін еркектен биік ету деген сөз емес дейді. Және, әр адамның таңдау құқына ешкімнің араласпағаны жөн деп санайды. 

"Менің сексуалды бағытым менің өзімнің басымдағы жағдай. ЛГБТ адамдарын кемсітудің Қазақстан үшін, оның дамуы үшін қаншалықты керегі барын мен түсінбеймін және оны қате деп ойлаймын", - деді белсенді Гүлзада Сержан.

Сонымен қатар Қазақстандағы қызтекелер мен лесбилердің көзін жойғанның өзінде, орнына басқасы келеді деп есептейді Гүлзада Сержан. Өйткені белсенді сөзінше ол туа біткен психологиялық ауытқу.

Талқылау