Ақ дәліз: жүрегі тоқтап қала жаздаған ер адам о дүние туралы айтып берді
АҚШ-тың Дуглас есімді тұрғыны клиникалық өлімнен аман қалды. Есін жиғаннан кейін, жүрегі тоқтаған кезде біртүрлі аяндар көргенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тағы Техас штатының тұрғыны Дуглас 17 жасында өліп қала жаздаған. Ол жасөспірім кезінде ұйқысыздыққа қарсы қатты көмектесетін дәрілерді қабылдаған. Көбінесе оларды арақпен араластырып ішкен. Бұл әдетінің соңы жүрегінің тоқтап қалуына алып келді.
Дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалды. Алайда, ол есін жиғаннан кейін, Исаның бейнесі мен жарқырап тұрған ұзақ дәлізді көргенін айтты.
Сонымен қатар, дәлізде Иса Мәсіх Дугластан өмірін өзгертуді сұрапты. Ер адам ұстамасының салдарынан денесінің жерде жатқанын сырттан бақылап, өзін жеңіл сезінгенін тілге тиек етті. Ер адамның айтуы бойынша, осы жағдай бұрынғы іс-әрекеттеріне есеп беріп, дінді тереңірек тануға түрткі болған.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”