Қызын қолдады: Мейіржан мен Дана мектеп кешіне қатысып, елді тәнті етті
Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева қыздары Наиманы қолдап, мектеп кешіне қатысты. 8 наурызға арналған мерекелік концертте вайнерлер жұбы гитарада ойнап, ал қыздары ән шырқады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әзілкештер жұбы өздерін отбасылық вокалды-инструменталды ансамбль деп таныстырды. Мейіржан Төребаев гитарада ойнауды бір түнде үйренгенін айтып, қатты сөкпеуді өтінді. Ал Дана Есеева өзі оқушы кезде мектепте белсенді болғанын еске алды.
"Өзімнің 8-сыныпта оқығаным есіме түсіп кетті. Өзім де гитарамен осы әнді орындаушы едім", – деді ол.
Есеева жариялаған бұл видео көпшіліктің ықыласына бөленіп, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бала үшін ата-ананың қолдауы маңызды екенін атап өтті.
"Жарайсыздар, бала үшін қолдау ең бастысы. Әдемі орындады", "Қандай сүйкімді. Наима, жарайсың. Ал сіздер қашанда баласын қолдайтын супер ата-анасыздар", "Сіздер сондай күштісіздер, қарапайым. Отбасыларыңызға тамсанамын", "Наима бақытты шығар", – деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
