Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыма Даун синдромы қойылды": Актер Бауыржан Сатов алғаш рет қыздары туралы айтты

Белгілі актер Бауыржан Сатов Urpaq подкасында алғаш рет отбасы мен өнері туралы бүкпесіз баяндады. Қыздары туралы айтып, тәрбиесіне алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші Альбина Шардарова екеуі екі қыз тәрбиелеп отыр. 

“Кішкентай қызыммен қарым-қатынасым жақсы, бірақ оған бір мәселе түрткі болды. Келіншегім кішкентай қызыма жүкті кезінде "Даун синдромы болуы мүмкін" деді. Соны естіген кезде "қалай?" деп, шок болдым. Келіншегім қорқып жүр. Тағы да анализ тапсырдық. Ол кезде де “Даун синдромы болу ықтималдығы жоғары" деді. Екінші рет басым сол кезде сәждеге тиді. Алладан қызым дені сау болып дүние есігін ашуын нәсіп ете гөр деп тіледім. Қазір қызымның дені сау. Аллаға шүкір сау болып туды", – дейді актер.

Алайда тұңғышы дүние есігін ашқанда жұлдызды әкеде ешқандай сезім болмапты. 

“Бірінші қызым туылғанда мен өзімді әке сезінбедім. Ол – менің қателігім. Мүмкін мен сондай ақымақ шығармын. Бірінші қызым туылған кезде мен әке болғанымды сезінбедім. Әке бола алмадым. Қазір үлкен қызым маған жақын емес. Ол анасына жақын. Бір күні "папамен қаласың ба?" деген де бірден жоқ дегенде ойланып қалдым. "Мына бала менен қорқады ғой" деген ой келді. Мен сондай ақымақ шығармын. Басыма тиіп барып, бір-ақ үйренемін. Екінші қызым ол енді маған ерекше жақын. Мені жақсы көреді, менсіз ұйықтамайды. Үлкен қызым анасын қызғанады. Құдайдан қыздарыма мен сияқты күйеу тілемеймін. Ежелде әкесіне қарап, қызын алған. Сол үшін мен өзімді тәрбиелеп келемін”, – деп ағынан жарылды. 

 

Талқылау