Қызылордада той кезінде автоматпен аспанға оқ атқан: Полиция тергеу бастады (видео)
Қызылордада той кезінде қарумен аспанға оқ атқан жергілікті тұрғынға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 тамызда әлеуметтік желіде Калашников автоматымен аспанға оқ атқан жігіттің видеосы тарады. Тексеру барысында анықталғандай, оқиға Қызылорда қаласының шеткі аумағында үйлену тойы кезінде орын алған.
- Іле Алатау тауларында заңсыз жүрген шетелдік азамат қазақстандық шекарашыларға оқ атқан
- Алматы әуежайында төбелес болып, полиция қару қолдануға мәжбүр болған
Әуеге атылған оқтан ешкім зардап шекпеген. Аталған факті бойынша ұсталған 21 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және ҚР ҚК 293 ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды