Қызылордада оқушы сыныптасын әжетханаға кіргізіп ұрып-соққан
Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасын ұрып, денсаулығына орта зиян келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Оқушы қатарласын әжетханаға кіргізіп ұрған. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы Н бесінші сабақ біткен соң кәмелетке толмаған қатарласы М-ны әжетхана ішінде оң жақ бет тұсынан ұрған. Кәмелетке толмаған М-ға сот медициналық сараптама тағайындалып, оған денсаулығына орта деңгейдегі зиян келтірілгені анықталды”, – делінген хабарламада.
Оқушының ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның ата-анасына 55048 теңге көлемінде айыппұл салды.
Еске салсақ, осыған дейін Атырау облысында оқушыны ұрған мұғалім мектеп директоры болып тағайындалғанын жазғанбыз.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ