Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебі анықталды
Дәрігерлер Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебін анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейін мектеп асханасындағы аспаз көмекшісінен стафилококк бактериясы табылған.
"Мектеп оқушыларының улануына не себеп болғанын білдік. Аспаз көмекшісінде стафилококк бактериясы бар екені анықталды. Стафилококк - тамақтан улануға әкелетін бактериялардың бірі. Дәл осындай бактерия зардап шеккен 14 баладан табылды", - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлия Әбдіқайымова.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп асханасының аспазы мен оны көмекшісі жұмыстан босатылып, білім мекемесінің медицина қызметкері жұмыстан шеттетілген.
"Білім беру ұйымының жауапты тұлғаларына қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді білім бөлімінің бас маманы Нұржан Жұманов.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”