Қызылорда облысында базар өртенді: 3 дүкен және сауда үйі жанып кетті
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі "Ер-Нұр" сауда базарының аумағында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Базарда "Арзан" сауда үйі, "Баянсұлу", "Тенел" шаруашылық, азық-түлік дүкендері өртенді", - дейді Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.
Өрттің жалпы аумағы 2 018 шаршы метрді құраған. Өрт кезінде адамдар зардап шеккен жоқ. Мүліктік зиян есептеліп, төтенше оқиғаның себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге 33 өрт сөндіруші мен үш өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, полиция қызметінен 40 қызметкер көмекке келді, алты автокөлік жұмылдырылды, жергілікті атқарушы органдардан 30 адам, су таситын және екі мотопомпа келді. Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің 10 қызметкері екі мотопомпасымен келіп өрт сөндіруге жұмылған.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі