Қызылорда облысы бойынша мәдениет басқармасының басшысы пара алды деп күдіктелуде
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктелуде”, – деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы қызмет.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды