Қызылорада 2 жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр
Қызылорда қаласында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада 8 қарашада 14 жастағы Жансұлу Асанова мен 16 жастағы Арнұр Тыныштыбай үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады.
"Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған