"Қызылдан өтіп кеткен": Павлодарда науқас жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Павлодарда жедел жәрдем көлігінің жеңіл автокөлікпен соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Науқас МРТ-ға жеткізіліп жатқанда жедел жәрдем көлігі жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған. Кадрларда жедел жәрдем көлігінің қызыл түстен қалай ұшып өтіп, бағдаршамның рұқсат беретін сигналына қозғалған Nissan Patrol-ға соғылғанын көруге болады.
Полиция жол апатына қатысушылардың қайсысы кінәлі екенін анықтайды.
"Жол апаты салдарынан Volkswagen Transporter автокөлігінің үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Белялова.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды