Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды
Ерік Хамидуллаевтың сүйіктісі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап.

Актерді көбіне жұрт "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын. Фаризаның сөзінше, инстаграмда оларды қызғанып, пікір білдіретіндер көп екен.
Дегенмен, "Бізді байланыстыратын достық қарым-қатынас ғана" дейді екеуі. Бағдарламаға берген сұхбатында Ерік "Жеке өмірімде жаңалық болса, айта жатамын, әзірге жаңалық өнерде ғана" деп жауаптан жалтарды. Жеке өмірін жасырғысы келсе де, Папарацци актерді ғашығымен байқатпай түсіріп алған.
Бейнежазбаға сенсек, Хамидуллаевтың сүйіктісі - Ақниет Беласар. Бірнеше отандық фильмдерге түсіп үлгерген актриса. Жасы небәрі 20-да.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"