Қыздар 20 жасқа дейін тұрмысқа шығуы керек – Қабылбек Әліпбайұлы
Танымал уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы қыз баланы ерте тұрмысқа беру керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қыздарымыз 20 жасқа дейін тұрмысқа шығып кету керек. Және соны жұбайларымызға жақсылап түсіндіруіміз керек. Мысалы, мен қыздарымды жұбайыма аманат деймін. Қыздарымды болашақ ана ретінде қазірден бастап тәрбиеле деймін. Мен қыздарыма былай істе деп айтпаймын ғой. Өйткені, қоғамда мынадай нәрсе бар. Ешкімнен қалып кетпесін, қатарынан қалып кетпесін деген. Жоқ, ең бастысы қалып қойған нәрсе болса, қалғаны адырам қалсын. Өмірде ана болатынына дайындықсыз барса, міне сол кезде көп нәрседен қалып қояды. Ертең тұрмысқа шығады. Біреу анасына қарап, әкесіне қарап алады. Бірақ қайдан білсін өмірге дайын болмаса,- дейді уағызшы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”