Барлық жағынан нашар деп танылған қытайлық мультфильм Голливуд фильмдерімен қатарласып келеді
Қытайда анасы мен баласы түсірген әуесқой мультфильм Niu Lai Голливуд фильмдерін басып озды. Туынды сиырлар мекендейтін қиял-ғажайып әлемін баяндайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуесқой туынды прокатта 2 миллион доллар (921 880 000 теңге) жинаған. Осылайша ол Голливудтың “Одиссей” және “Өрмекші-адам: Жаңа күн” сынды ірі блокбастерлерінің ізімен келе жатыр.
Әлеуметтік желідегі фильм туралы танымал жазбалардың бірінде:
“Мультфильмді көрсеңіз, 80 минутыңызды жұмсағаныңызға өкінуіңіз мүмкін. Бірақ көрмесеңіз, өмір бойы өкінесіз”, – делінген.
Niu Lai туындысының танымал болуына әлеуметтік желілер әсер еткен. Тіпті фильмнің жеке афишасы да болмаған. Блогерлер мультфильмнің сапасы өте төмен болғанына қарап, оны жасанды интеллект көмегінсіз жасалған деп есептеген. Осы ерекшелік фильмге қызығушылықты арттырған.
Мультфильмді бес жыл бойы екі адам, яғни кәсіби білімі жоқ аниматор Синь Юймэн мен оның анасы Сунь Лифан жасаған.
Олар анимацияға кіріскенге дейін жөндеу компаниясын жүргізген. Алайда компанияларын жабуға мәжбүр болған соң мультфильм жасауға кіріскен.
Айта кетейік, бұған дейін Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққаны туралы жазған едік.
Қазақстандық қыз бір нанды бөлісіп жеген құрбысын аяусыз пышақтап өлтірген: Қанды қылмысқа не себеп болды
