Қытаймен шекарада орналасқан "Eurotransit Nur Zholy" кешені мемлекет меншігіне өтті
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысындағы "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше компания Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген.
“Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-дың бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд. теңгені құрады”, – делінген хабарламада.
Тергеу барысында "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС кінәні толығымен мойындаған. Сонымен қатар құны 5,3 миллиард теңгеден асатын ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) мемлекетке беру турлы өтініш жазған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды