Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қытайдың қасында орысың айналайын болып қалды": Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін жасырмады

Танымал әнші Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтып, пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/toktar_beibit/

Өнер иесі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сұхбат беріп, елдің болашағына алаңдайтынын жеткізді. 

"Маған көп адам шүйлікті. Бұл – менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса, қатты қарсымын. Жүрегім ауырады", – деді әнші. 



Сондай-ақ әншінің айтуынша, ондай өзге ұлтынан дүниеге келген балалар болашақта дүбара ұлтқа айналатын көрінеді. 

“Қазақ қыздарының қытайға тигеніне қарсымын. Оның қасында орыс айналайын болып қалды. Қытай ұлтының жігітіне қазақ қызы күйеуге шығып жатыр дегенді естісем, сеңдей бұзылып, көңілім түседі. Қатты қарсымын. Қытай мен қазақтың ортасынан дүбара ұлт пайда болады. Менің ойлайтыным – сол. Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ қазақ қыздары қазақ жігітіне ғана тұрмысқа шықса екен деп тілеймін”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Тоқтар Серіков Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдіріп еді. 

Талқылау