Қытай ғалымдары коронавирустың тағы бір түрі пайда болғанын мәлімдеді
Қытай ғалымдары бұған дейін Оңтүстік Африкада табылған NeoCoV коронавирусының адамдар әлеміне қауіп төндіру мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Жарияланым bioRxiv сайтында орналасқан, деп хабарлайды РИА Новости.

"Вирустардың осы тобының таралу жағдайларын олардың адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып мұқият бақылау керек", – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, адам денесімен өзара әрекеттесу үшін вирус белгілі бір мутацияны қажет етеді, ал қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Дегенмен, ғалымдар NeoCoV табиғатының көп тұстары жұмбақ болып қала беретінін атап өтті.
Зерттеуді әлді де сарапшылар тексеруі керек.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған