Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыстыгүні көңіл күйді көтеретін өнімдер белгілі болды

Дәрігерлер қыста көңіл күйді көтеруге көмектесетін төрт өнім туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің сөзінше, кейбір адамдар суық мезгілде депрессияға, апатияға, шаршауға, танымдық функцияның бұзылуына, семіздікке әкелетін маусымдық аффективті бұзылыстарды(SAR) сезеді.  Ауру D дәрумені жетіспеушілігі, серотонин деңгейінің төмендеуі және мелатонин деңгейінің өзгеруі сияқты бірқатар факторларға байланысты пайда болады. Мұндай жағдайдан көбіне әйелдер зардап шегеді. 

 "Симптомдар әдетте күз бен қыс айларында, күн сәулесі аз болған кезде пайда болады және көктем келген кезде жақсарады", – деді америкалық психиатриялық қауымдастық.

Мамандар қаңтар мен ақпан айларын пациенттер үшін ең қиын айлар деп санайды. Осы кезеңде адамдар психологқа барып, антидепрессанттарды қолдануы керек.

Диетолог Джулиана Тамайо осындай ауруға душар болған адамдарға тамақтану арқылы көңіл күйді көтерудің құпиясын айтты. Ол байытылған дәнді дақылдарды жеуге кеңес берді.

"Дәнді дақылдардың көпшілігі талшыққа, В12 дәруменіне және фолий қышқылына бай. Бұл депрессия белгілерімен күресетін үш негізгі қоректік зат", –  деді ол.



Дәрігер В12 дәрумені психикалық денсаулық үшін маңызды екенін еске салды, оның жетіспеушілігінен адамдарда жиі немия мен летаргия пайда болады. Ал фолий қышқылы сау әрі жас сезінуге көмектесетін жаңа жасушаларды қалпына келтіруге және құруға қатысады.

Сондай-ақ дәрігерлер балық жеуге кеңес береді.

"Майсыз ақуыздарды жеу "қысқы көңіл күй құбылмалығы" белгілерін жеңілдетуге көмектеседі, өйткені ол – асқазанның бұзылуын немесе қабынуын тудырмайтын ақуыз көзі", – деді диетолог.

Оның әріптесі Сьюзан Келли тофуды ұсынды.

"Қара какао шоколады депрессияның белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Зерттеулер көрсеткендей, қара шоколадта магний көп, ол депрессияның белгілерін жеңілдетуде маңызды минерал болып табылады", – деп атап өтті Джулиана Тамайо.

Талқылау