Қырымдағы жарылыстан бір адам қаза тапты – Жарақат алғандар бар
Қырымдағы жарылыстан бір адам қаза тауып, алты адамның зардап шеккені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Новофедоровкадағы жағдайдан, өкінішке орай, бір адам қаза тапты. Туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді Аксенов.
Қырым денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған RT агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан азамат бейбіт тұрғын болған. Тағы алты адам зардап шеккен.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери аэродромдағы бірқатар жарылыстардың негізгі нұсқасы – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Бұған дейін Қырымдағы Новофедоровкадағы әскери базада жарылыстың болғанын хабарлаған болатынбыз.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан