Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда бейіт басына мәрмәр тас орнатып, қабірді темірмен қоршауға тыйым салынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіт басына мәрмәр тас орнатып, қабірді темірмен қоршауға тыйым салынатынын айтып, заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: mem-complex.ru

Мәліметтерге сенсек, бейіт қоршауы тек ағаштан жасалуға тиіс әрі оның биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек. 

Садыр Жапаровтың пікірінше, марқұмдарды еске алу үшін үйде құран оқу жеткілікті. Ал бейітке екі қабатты кесенелер соғып, жан-жағын құрылыс материалдарымен қоршау дәстүрімізге жат дейді ел басшысы.

Мұсылмандар діни басқармасы алдағы уақытта жерлеу рәсімдері, қабір салу, ескерткіш орнату туралы арнайы пәтуалар шығармақ. Онда ас беру тәртібі де қамтылады. Қырғызстан билігі жаңа заң ысырапшылдыққа жол бермеу үшін қабылданғанын атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мәйітті кремациялаудың тәртібі жарияланғанын жазған едік. Колумбарийлер үшін арнайы жер учаскесі бөлінеді. Ал бұған дейінгі зираттар сол күйі қала береді. Марқұмның күлін сақтаудың екі түрі қарастырылған. Біріншісі, ашық аспан астында, яғни ұяшығы бар арнайы қабырғалар тұрғызылып, оған құтыларды орналастырады. Екіншісі, күл салынған құты жабық ғимараттың ішінде сақталады. Әр құтының сыртына марқұмның тегі, аты, әкесінің аты және кремацияның тіркеу нөмірі жазылады.

Талқылау