Қырғызстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшпек
Жақын арада Қырғызстан Республикасы 12 жылдық білім жүйесіне көшеді. Бұл туралы министрлер кабинетінің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Қырғызстан Министрлігі кабинеті сайты
Қырғызстан Республикасы министрлері кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров балаға білім беру балабақшадан басталуы керек екенін айтты.
"Ерлер 63, әйелдер 58 жаста шығады": Қырғызстанда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалды
"Біз білім беру жүйесін 12 жылдыққа ауыстыру бойынша реформаларды бастаймыз. Балабақшалардағы тәрбиешілер, аға топ педагогтарына көңіл бөлініп, бірінші жүзеге асырылады", - деді Жапаров.
Айта кетсек, қазір Қырғызстанда балалар 11 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды