Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыға байланысты тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тағы бір тергеуді аяқтады. Сондай-ақ оның үстінен салық төлеуден жалтару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл жөнінде ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі журналистердің “Қайрат Сатыбалдының барлық мүлкі мемлекетке қайтарылды ма” деген сұрағына жауап берді. Ол Қазақстанға 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарған. 

“Иә, бұл факт бойынша сұрақтар келіп түсуде. Қайрат Сатыбалдыұлына байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі аяқтап, сотқа жіберді. Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінде шетелден алып, ақшасын Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған", -деп мәлімдеді Арман Тілеукенов.

Ведомство өкілі, Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтару эпизоды бойынша тағы бір тергеу жүріп жатқанын айтты. 

Талқылау