Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қылыш, қамшы, пышақ": Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сыйлаған сыйлықты көрсетті

Стамбұлға демалысқа кеткен өнерлі жұп Ерке мен Райм айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үйіне қонаққа барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Сонымен қатар өнер иесі айтыскер ақынның жолдасы берген сыйлықты да көрсетті. 

“Айнұр әпкеміз бен Нұржан ағамыздың шаңырағына келіп қалдық. Ағамыз Раймға қылыш, пышақ, қамшы сыйлады. Одан кейін екеумізге шапан жауып, құрмет көрсетті. Алла разы болсын!”, – деп жазды әнші. 



Одан кейін өнер иесі оқырман қауымды қызықтырған бірнеше сұраққа жауап берді. Хиджаб туралы ойын да айтып өтті.

“Алла разылығы үшін және күйеудің разылығы үшін болашақта орамалға келуді өз басым қалаймын. Алла иманымды одан сайын нығайта берсін деп тілеймін”, – деп жауап берді эстрада жұлдызы. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Талқылау