Қыдырәлі мен Қарақат тағы да сәбилі болды
Қазақстанның эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы тағы мүшемен толықты. Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты хабарды Қыдырәлі Болманов желідегі парақшасында мәлім етті.
"Сүйінші, сүйінші, қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді. Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, қазақ елі. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Перзент сұрап жүрген жандарға құдыреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, әншілер 1999 жылы шаңырақ көтерген. Бұл жұлдызды жұптың алтыншы сәбиі. Бүған дейін 4 ұл және бір қыз тәрбиелеп отырды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты