Кез келген мақсатқа қалай жетуге болады: әмбебап нұсқаулық
Алға қойған мақсатарыңызға жету үшін сізге жақсы ойластырылған жоспар қажет.
Бастамас бұрын білу керек нәрселер:
- Қол жеткізу қиын немесе қол жеткізуді қажет етпейтін істер болады. Рок-жұлдызға айналу, әйгілі футболшыға тұрмысқа шығу, тек балмұздақ сатып алу үшін түнде қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін бару сияқты істерді бастан өткергеннен гөрі елестету әлдеқайда жағымды.
- Кейбір ойлаған тілектеріңіз шындығына келгенде сіздікі емес, бірақ сіз бұл туралы білмейсіз. Мысалы, сіз табысты адвокат болғыңыз келеді деп ойлайсыз, бірақ іс жүзінде сізге әкеңіздің сізді мақтан тұтқаны қажет. Немесе сіз жұрттан бөлек тұруды армандайсыз, ал негізінде өзіңіздің жағымсыз бастығыңыздан алыс болғыңыз келетінін білмейсіз.
- Мақсатыңызға жету сіз күткен қанағаттануды қамтамасыз ете алмайды. Сіздің арманыңыз орындалғанда, сіз ойлағандай қуанышты сезіне алмайсыз. Біз арман-тілектердің орындалуынан бақыттың мөлшерін де, ұзақтығын да асыра бағалауға бейім боламыз, сондықтан оған дайын болыңыз.
Арманыңыз үшін күресуге кіріспес бұрын, егжей-тегжейлі ойланыңыз. Әйтпесе, сіз бірнеше жылыңызды, тіпті өміріңіздің жартысын бос өткізгендей боласыз.
Мақсатқа қалай жетуге болады?
Алдымен сіз шынымен не қалайтыныңызды анықтап алыңыз
Көбіне біз не қалайтынымызды білмейміз. Біздің көптеген тілектеріміз қанағаттанбаушылықтан туындайды және келесідей болады: «Мен өзімнің не қалайтынымды білмеймін, бірақ мұны емес екені анық». Нақты болыңыз.
Сіз шынымен өзіңізге жұмыс жасағыңыз келе ме немесе қазіргі жұмысыңыздан шаршадыңыз ба? Сізге шынымен бұлшықетті шынықтыру керек пе немесе деніңіздің сау және жігерлі болуды армандайсыз ба?
Сіз қалағаныңызды дәл түсінуіңіз керек. Сіз өзіңіз қалаған нәрсеге қол жеткізгеніңізді егжей-тегжейлі елестетіп көріңіз, тек жақсы жақтарын ғана емес, жаман жақтарын да бағалаңыз. Бұл жағдайда не сезінесіз?
Бір-біріне қарама-қайшы келетін тілектерді жойыңыз
«Мен жақсы қалыпта болғанды қалаймын. Алайда, спортпен шұғылдануды ұнатпаймын».
Көбінесе, сіздің жаңа мақсатыңыз оған қайшы келетін қарама-қарсы тілегіңіз бар болғандықтан, орындалмай қалады. Мысалы, жақсы физикалық қалып пен отырықшы өмір салтын алайық. Пассивті болу және спортпен шұғылданбау да - сіздің қалауыңыз. Бұл ыңғайсыздықты болдырмау ниетінен туындайды және жаңа мақсаттың (қалыпқа келудің) орындалуына кедергі келтіреді.
Барлық қарама-қарсы тілектер жайлылық аймағынан кеткісі келмегендіктен және дайындық, жаңа жұмыс немесе сүйікті іс сияқты белгісіздіктің алдындағы қорқыныштан туындайды.
Сіз ұмтылған нәрсеге басқа адамдар қалай қол жеткізгенін біліңіз
Бұрын ешкім қол жеткізе алмаған нәрсеге қол жеткізгіңіз келетіні екіталай. Мақсатқа жету үшін басқа біреудің тәжірибесін пайдаланыңыз. Ғаламтордан бұны жасап үлгерген, яғни көп ақша тапқан, марафонға қатысқан, кез-келген спорт түрінен жарыста жеңіске жеткен немесе үш тілді меңгерген адамдарды тауып көріңіз.
Егер адам өмірбаян немесе кеңестер жинақталған кітап жазған болса - оларды қолданыңыз, егер жоқ болса - тікелей хабарласып, кеңес сұрауға тырысыңыз. Электронды пошта арқылы көмек сұраңыз. Бұл жағдайда қалаған мақсатыңызға тезірек жетуге көмектесетін құнды кеңестер мен ескертулерді алуыңыз әбден мүмкін.
Жақсы жоспар құрыңыз
Берілген кеңестерден қарапайым жоспар құрыңыз. Егер сіз ештеңеден қорықпасаңыз және керемет ерік-жігеріңіз болса, қалағаныңызға қалай жететініңізді елестетіп көріңіз.
Енді сіздің санаңыздың қорқақ бөлігі бұл жоспарды қалай өзгертуге тырысатынын қараңыз. Енді сіз өзіңіздің қарама-қарсы тілегіңіз ыңғайсыздықты болдырмауды байқай аласыз.
Егер сіз бастапқы жоспарды ыңғайсыздық болмайтындай етіп өзгертуге тырыссаңыз, онда қиындықтардан аулақ болуға деген ұмтылыс жеңіске жетеді. Сіздің жоспарыңыз түпнұсқадан қаншалықты алыстаған сайын, мақсатыңызға жету мүмкіндігі соғұрлым аз болады.
Қажет болса, жоспарды түзетіңіз
Сонымен, сізде жоспар бар. Сіз соған сәйкес жүре бастадыңыз. Егер сіз алға жылжып бара жатсаңыз, онда ешқандай қиындық жоқ, алған бетіңізден қайтпаңыз. Егер нәтиже болмаса, өзіңізге төрт сұрақ қойыңыз:
Мен жоспарды орындаймын ба? Егер жоқ болса, сәйкес әрекет етуді бастаңыз.
Жоспардың өзгерту керек кішкене бөлігі бар ма? Егер солай болса, оны өзгертіңіз.
Маған қазір білетінімнің барлығын ескерсе, басқа жоспар қажет пе? Солай болса, қазіргі жағдайыңызға сәйкес тактика жасаңыз.
Менің мақсатыма жету мүмкін емес деп ойлаймын немесе ол маған қажет емес пе? Олай болса, бұл істі тастап, басқа іспен шұғылданыңыз.
Әдетте, сіз өзіңіздің жолыңызда кездесетін барлық қиындықтарды басқа адамдар басынан өткерген. Ғаламтордан бұл туралы іздеп көргеніңіз жөн.
Сізге қалаған мақсатыңызға жетуге не кедергі бола алады?
- Басқа адамдардың қалауы
Отбасы мүшелері және достарыңыз сізге бақыт тілейді, бірақ олар мақсатыңызға жету жолын құптамауы мүмкін. Бәлкім, олар сіздің қалауыңыз сізге азаптан басқа ешнәрсе әкелмейді деп ойлауы мүмкін.
Сондай-ақ, сіздің мақсаттарыңыз жақындарыңыздың қалауымен қайшы келуі мүмкін. Мысалы, сіздің ата-анаңыз әрқашан қастарында болғаныңызды және сізге қауіп төнбеуін қалайды. Әрине, олар сіздің көшу туралы қадамыңызға, қауіпті сапарыңызға немесе қауіпті сүйікті ісіңізге қарсы болады. Осыны ескеріп, басқалардан жан-жақты қолдау күтпеңіз.
- Сіздің қарама-қайшы келетін қалауларыңыз
Барлық сәтсіздіктердің шын себебі - болжамдылық пен жайлылыққа деген ұмтылыс. Бұл - бізді мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін нағыз көрінбейтін қоршау.
Біздің әрқайсымыз керемет істерге қабілетті. Қойылған мақсат неғұрлым ерекше болса, соғұрлым біз жайлылық аймағында қалып, оған қол жеткізгіміз келмейді екен.
Біз - бар күшімізбен қаншалықты түтіккен және шіріген болса да, әдеттегі тәртіпті сақтауды қалайтын қорқақ жаратылыстармыз. Бұл қасиет түрдің тіршілігі үшін өте қажет деп өз-өзімізді ақтаймыз. Бірақ кейде, бұл бізге кедергі болады.
Сіз қорқыныш пен белгісіздік сезімдері кез-келген әрекетте сізбен бірге болатынын қабылдаған кезде ғана сәл жеңілірек болады. Оңай болмайды, тек сәл жеңілдейді.
Сіз не қалайтыныңызды шешсеңіз, әрекет етіңіз. Ал егер сіз не істеу керектігін білмесеңіз, келесі қадам - оны анықтау.