Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кепілсіз микрокредит, жеңілдік кезеңі және сыйлыққа автокөлік...

Шағын кәсіпті дамытып, жұмыс орындарын ашып, халықты таза ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтуды ойлайтын отандастарымыз үшін керемет мүмкіндік пайда болды! Өзіңізге қажетті қаражатқа қол жеткізіп қана қоймай, құнды сыйлық алып, шетелде демалып, су жаңа темір тұлпарды тізгіндегіңіз келе ме? Бұл жөнінде бүгінгі материалымызда.

Қазақстан микро қаржы нарығының көшбасшысы KMF компаниясы бизнес пен агро саласына арналған бірегей өнімдер шығарды. Сонымен қатар бұл бағыттар бойынша микрокредит рәсімдегендер құнды сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады.

Мәселен, KMF-Агро микрокредиттік өнімі бойынша 60 миллион теңгеге дейінгі соманы 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Оны егіншілікпен, мал шаруашылығымен, ара және балық шаруашылығымен, сүт тағамдарының өндірісімен және тағы да басқа ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысатын жандардың алуына болады. Сондай-ақ бұл микрокредитті кәсіпке қажетті негізгі құралдарды толықтыруға, қайта қаржыландыру мақсатында алуға болады. Ал агро саласындағы кәсібіңізден түсетін кірісті табыс көзі ретінде көрсете аласыз. Тағы бір ерекшелігі – 11 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.

KMF-Агро туралы толығырақ

KMF-Бизнес микрокредиттік өнімі бойынша да 60 миллион теңгеге дейінгі соманы 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Оны сауда, өндіріс, қызмет көрсету саласы және бизнестің тағы да басқа түрлерімен айналысатын кәсіпкерлер ала алады. Қаржыландыруға тіпті топпен де  қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, 2-ден 10 адамға дейін бірлесіп, кепілзат қоймастан 6 миллион теңгеге дейін рәсімдей алады. Бизнес үшін де жеңілдік кезеңі қарастырылған – 9 ай.

KMF-Бизнес туралы толығырақ

«Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасы үшін аса маңызды. KMF клиенттерінің 67 пайызы –  ауылдық жерлерде кәсіппен айналысатындар. Біз кәсіпкерлікті барынша қолдау мақсатында ең ыңғайлы шарттарды ұсынамыз. Мысалы, бағалау тегін жүргізіледі, жасырын комиссиялар жоқ. Сонымен қатар өтінімдер жылдам қаралып, ақша тез аударылады. Жеңілдікті кезеңдер мен кепілдіксіз топтық микрокредит бар, кепілзат үшін де өте ыңғайлы, икемді жағдай қарастырылған», – дейді KMF компаниясы Кредит департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйек пен 10 қараша аралығында KMF-Агро мен KMF-Бизнес бағыттары бойынша 500 000 теңгеден жоғары соманы рәсімдеген отандастарымыз «Айхай 25!» науқанына қатыса алады. KMF 25 жылдығына орай 100 смартфон, шетелге екі адамға арналған екі жолдама мен басты жүлде – автокөлік ойнатады.

«Айхай 25!» науқаны туралы толығырақ

KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады. Толығырақ kmf.kz сайтынан немесе 7474 номеріне хабарласып білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Талқылау