Кепілдікке – адамгершілік: Банк кредит бермесе, ақшаны қайдан алуға болады?
Банк кредит беруден бас тартты ма? Мұндай жағдай өмірде жиі кездесіп жатады, оның себебі де жетерлік. Ал егер дәл қазір шұғыл түрде ақша қажет болса, оны қайдан алуға болады? Микроқаржылық ұйымдар деген не? Бұл сұрақтың барлығына жауапты біздің материалдан табасыз.
Шыны керек, қарапайым адам кредит беретін мекеменің барлығын бір сөзбен "банк" деп атайды. Алайда екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың бірқатар өзіндік ерекшелігі бар. Банк те, микроқаржылық ұйым да тұтынушылық мақсатқа және бизнеске кредит береді, олардың пайыздық мөлшерлемесі де бірдей деуге болады. Дегенмен екеуінің арасындағы айырмашылық мынада: заң тұрғысында, микроқаржылық ұйымдар ең көбі 20 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 53 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ғана кредит бере алады. Сол үшін де мұндай ұйымдар "микро" деген жалғауға ие.
Банктерге көбіне қала тұрғындары жүгінсе, микроқаржылық ұйым клиенттерінің басым бөлігі – ауыл тұрғындары. Неге дейсіз ғой? Себебі бұл – микроқаржылық ұйымдардың ең негізгі артықшылығының бірі. Банк тұрақты табыс көрсеткішін дәлелдеуді, кепілге аса құнды мүлікті қоюды талап етіп, көп жағдайда кредит беруден бас тартқан жағдайда дәл сол адамдарға, осындай ұйымдар қол ұшын созады. Әдетте, ауылдық жерде жалақы көлемі төменірек және табыс көзі ауыл шаруашылығынан түскен өніммен байланысты. Сол үшін де азаматтар банктен кредит алу кезінде қиындыққа тап болады. Дегенмен қаржы ұйымдарының деректеріне сүйенсек, соңғы бірнеше жылда микроқаржылық ұйым клиенттерінің арасында қалалықтардың да үлесі артқан. Себебі қазір олар да банктер сияқты мобильді қосымшалары арқылы онлайн кредит беріп, қызметтерінің барлығын ыңғайлы еткен.
Микроқаржылық ұйым клиенттерінің арасында тағы кімдер бар? Кәсіпкерлер. Бұл санаттың клиенттер арасындағы үлесі айтарлықтай басым. Микроқаржылық ұйымдарда кредит алудың шарттары құжат жағынан да, кепілдік жағынан да жеңіл. Өтінімді қарастыру уақыты да қысқа. Ал кәсіпкерлердің бизнесі үшін қажетті қаржыны микроқаржылық ұйымдардан алуының тағы бір себебі – төлем шарттарының ыңғайлы болуы. Микроқаржылық ұйымдар төлем шарттарын клиентпен ақылдасып, клиентке ыңғайлы жағын қарастырады.
Әрине, Қазақстанның қаржы нарығында микроқаржылық ұйымдар аз емес. Алайда жетекші орынға ие ұйымды білесіз бе? Ол – KMF микроқаржылық ұйымы. Компания елімізде берілген микрокредиттердің жалпы көлемінің 30 пайызына ие және ол Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым. KMF отандық қаржы нарығына 1997 жылы келген. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижелі жұмыстардың өзіндік құпиясы бар, ол – бірінші кезекте ұйымның емес, клиенттің әлеуметтік жағдайын жасауында.
“KMF компаниясы нарықта 24 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде отандық қаржы нарығынан жетекші орын алудың құпиясы мынада: біз өз клиенттерімізді жақсы білеміз. Олар кімдер дейсіз ғой? Олар – өз кәсібін ауылдық жерде дөңгелетіп отырған шағын және орта бизнестің өкілдері, біздің микрокәсіпкерлер. Біздің филиалдық желіміз өте кең, кредит шарттары қолайлы, кредиттеудің схемасы қарапайым және түсінікті, сол үшін де бұл санаттағы клиенттердің таңдауы бізге түседі. Біздегі кредиттеудің моделі – әрбір клиенттің әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестік. Біздің көптеген клиентіміз ұзақ жылдар бойы KMF-пен серіктестік орнатып, отбасының дәулетін арттыра отырып, бизнесті дамытудың тамаша үлгілерін көрсетіп келеді”, – дейді KMF МҚҰ Кредит департаментінің директоры Арман Абылайхан.
KMF кредит портфелінің 131 миллиард теңгеден астамы қазақстандық кәсіпкерлерге берілген. Бұл дегеніміз компанияның кредит портфелінің 92 пайызын құрайды.
Арман Абылайханның айтуынша, қазіргі таңда KMF микроқаржылық ұйымынан 183 мыңнан аса кәсіпкер микрокредит алып отыр, бұл клиентттік базаның 85 пайызына тең. Микрокредит алушылар 160 мыңға жуық жұмыс орынын өздеріне, тағы 45 мың жұмыс орынын жалдамалы жұмысшылар үшін ашқан.
Осылайша, KMF микроқаржылық ұйымы елдегі ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларының дамуына оң серпін беріп, отандық экономиканың алға басуына өз үлесін қосып отыр. Ол үшін бірқатар оңтайлы бағдарлама да ұсынылған. Мысалы, "Достар" деп аталатын бағдарлама арқылы бірнеше адам бірігіп, кепілдіксіз 5 миллион теңгеге дейін ала алады. Бір қызығы, кепілдікке достардың адамгершілігі, бір-бірінің алдындағы жауапкершілік қойылады. Осы сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға арналған, ерекше шарттармен берілетін микрокредиттер жетерлік, мысалы, "Микро", "МСБ", "Сенім" және тағы да басқа.
Онлайн ақша алу, энергияны үнемдейтін тауарларды сатып алуға арналған микрокредит, тұтынушылық мақсаттарға немесе бизнес үшін, жер телімін немесе көлік сатып алуға қолайлы микрокредитлер туралы kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы