Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел интернеттен алған кеңеспен қан қысымын төмендетемін деп, өліп қала жаздады (видео)

Шымкенттік әйел қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішіп, ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позиловтың айтуынша, әйел кеңесті интернеттен алған. 



"53 жастағы әйел интернеттен кеңес алып, қан қысымын төмендету үшін куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен. Салдарынан анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Диагностика: Лайелла синдромы – аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі", – деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, науқас екі күн бойы ауыр жағдайда болды. Бақытымызға орай, дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында әйел аман қалды.

"Халықтық емдеу әдістері кейде тиімсіз және денсаулығыңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Абайлаңыз, бұл науқас, бақытымызға орай, аман қалды", – деді Позилов.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 2 жасар бала сірке қышқылын ішіп қойғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 14:33