Украина қаласында нан кезегінде тұрған адамдарды атып тастаған
Украинаның Чернигов қаласында нан кезегінде тұрған адамдарға оқ атылды. Қанды оқиға 16 наурызда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "АА" басылымына сілтеме жасап.

Алдына ала мәлімет бойынша, оқ атқандар – ресейлік әскерилер. 10 бейбіт тұрғын мерт болған.
Алайда Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Черниговтағы қанды оқиға ресейлік әскерилердің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"Черниговта Ресей әскерилері жоқ және болған да емес. Демек, қаза тапқан адамдар – украиналық ұлтшылдардың құрбаны немесе жарияланған суреттер арандатушылардың қойылымы", – делінген мәлімдемеде.
Кей дереккөздерде Чернигов қаласының толығымен Ресей қарулы күштерінің қоршауында екені көрсетілген. Олар күн сайын оқ атады.
Айта кетейік, БҰҰ халықаралық соты Ресейге Украина жеріндегі әскери іс-қимылды тоқтатуды бұйырған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан