Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызым" деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова ене мен келіннің қарым-қатынасы қандай болатынын түсіндірді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова қоғамда қызу талқыланып жүрген ене мен келін тақырыбына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

фото ашық дереккөзден алынды

Әнші өзінің қандай ене екенін де айтты. 

"Қазір басқаша сөйлеймін. Келінге "келін" деп қараймын. Ол үлкен статус қой. "Келін" деген статусты алып жүрудің өзі – үлкен жауапкершілік. "Қызым" деп айтпаймын. Келінім – үйімнің сәні. Замандастарыма ұлыңыз таңдаған жарды мінеп-сынап қарамағаны жөн. Келіндік міндетін атқарған кезде білмегенін көрсетіп, үйретуі керек. Біз келінімізбен бірге тұрамыз. Ескертудің өзін келініме үшінші күні жаймен ақырындап жеткіземін. Оның көңіліне қарап тұрамын. Асханада бірге жүреміз. Келінім – ұстаз. Докторантурада оқиды. Үйде болсам, тамақты өзім жасай аламын", – деді ол.

Сондай-ақ жұлдызды ене өзін қалай тәрбиелеп жүргенін де жасырмады. 

“Біз келіннен көп нәрсе күтеміз. Істеген тірлігінің бәрі көңілден шығуы керек деп ойлаймыз. Ал “өзіміз қандай енеміз?!” деген сұраққа жауап бере алмай қаламыз. Ол да – адам, оның үстіне жап-жас бала. Өз балаңмен қатар. Менің түрім суық болып көрінгенімен бала десе бауыр етім езіліп тұрады. Жұрт мені қатал деп ойлайды сол үшін. Өзімді ашуға берілмей, сабырлы болуға тәрбиелеп жүрмін. Кейде келінімнің тамағы дәмсіз, шикі болып қалса “келесі жолы мұндайға жол берме” деп айтамын. Ол да – менің балам”, – деп шынын айтты өнер иесі.  

Еске салайық, әнші өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановтан бата алып, жылап қалғанын жазған болатынбыз. 

Талқылау