Келесі cеместрден бастап: Білім министрлігі қазақстандық студенттер қашан дәстүрлі оқу жүйесіне көшетінін айтты
ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев студенттердің дәстүрлі форматта оқуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, егер эпидемиологиялық жағдай жақсаратын болса, студенттер қаңтардан бастап университетке барып оқитын болады. Алайда барлығы санитарлық дәрігердің шешіміне байланысты болмақ.
"Бұл мәселеде бастысы - ұстаздар мен студенттердің денсаулығы. Біз құзырлы орган ретінде өзіміз мұндай шешім қабылдай алмаймыз. Бұл мәселені бас санитарлық дәрігер шешетін болады. Егер осы кісілердің тарапынан белгілі бір шешім қабылданатын болса, келесі семестр, яғни қаңтар айынан бастап жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге дайын. Бірақ ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - дейді Тойбаев.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді