"ҚазАвтоЖол" 8 миллиард теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған - сенат депутаты
Сенатор Андрей Лукин жол саласында ақшаны тиімсіз пайдалану және ұрлау фактілері бар екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор жол саласына қомақты бюджет қаражаты құйылып жатқанына қарамастан, көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру тиімсіз екенін айтты. Оған себеп, басқалармен қатар, мемлекет қаржысын ысырап ету, жымқыру және басқа да құқық бұзушылықтар. Осыған байланысты депутат үкімет басшысына Автомобиль жолдары комитеті мен "ҚазАвтоЖол" кәсіпорнының жұмысын бақылауды күшейтуді ұсынды.
"Сонымен қатар мердігерлерден айыппұлдарды өндіріп алу, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасалған және шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде бұзуға жол берген мердігерлермен шарттарды бұзу, сондай-ақ тиімді технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені ескере отырып, жолдарды сапалы салу және жөндеу үшін ұйымдық-құқықтық шаралар қабылдауды ұсынамын", - деді сенатор.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?