Қазақтың тазылары Женевадағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Швейцарияда ұйымдастырылға World Dog Show 2023 аясында өткен әлем чемпионатында тазы тұқымы жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Танылмаған тұқымдар тобында бақ сынаған екі құмай тазы жоғары атаққа ие болды.
Жылдың басты кинологиялық оқиғасына әлемнің әртүрлі елдерінен 20 мың ит қатысқан.
200 ит тұқымының өкілдерін 150 халықаралық төреші бағалады.
Женевада өткен 2023 жылғы Дүниежүзілік иттер көрмесіне қазақтың 2 құмай тазысы әкелінген. Олар 9 мың шақырымдай жолды артқа тастаған.
Телеарнаның хабарлауынша, қазақтың тазы тұқымының Тұмар және Вангелия атты иттері Швейцарияда өткен Халықаралық кинологиялық федерацияның мұрындық болуымен өткен жарыстар сериясына алғаш рет қатысты.
Осы ұйымның жақында өткен жалпы ассамблеясы барысында Қазақстан кинологтар одағы FCI-дің толыққанды мүшесі болды. Бұл тазы мен төбеттеріміздің кез келген халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"