Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы түркиялық клубты 15:0 есебімен жеңді
Түркияның Белек қаласында өткен оқу-жаттығу барысында Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші бақылау ойынын өткізіп, қарсыластарын 15:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Бұған дейін жоспарланған Ресейдің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесу өтпей қалды. Оның орнына Айтпай Жамантаевтың командасы түркиялық «Анталия Демирспор» клубымен ойын көрсетіп, 15:0 есебімен жеңді.
Аталған ойында Анастасия Власова мен Мария Демидова 5 голдан соқты. Ал Арайлым Орынбасарова хет-трик жасады.
Назерке Шалмұхамбетова мен Құндыз Қожахмет тағы бір голдан салды.
Оқи отырыңыз:
Роналду аты аңызға айналған Пеленің рекордын қайталады
Лемьені жеңген Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық парадзюдошылар халықаралық жарыста 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды
Иван Дычко Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"