Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде мойындалады
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанның вакцина паспортын мойындайтын елдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Бүгінде біздің паспортымыз Таиланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Кипр, Грузия және Түркияда мойындалады. Паспорттарды өзара мойындау бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз", – деді ол брифингте.
Сондай-ақ, айтуынша, вакцина паспортын ЕАЭО аясында мойындау бойынша келіссөздер басталды.
Бұған дейін америкалық "Pfizer" вакцинасы Қазақстанға осы жылдың 4-ші тоқсанында жеткізілетіні хабарланды. Осыған байланысты ел үкіметі 12 жасқан асқан балаларға "Pfizer" вакцинасын салуды жоспарлап отыр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан