Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болжанды
Ақпан айында жаңбырдың мол жаууына байланысты еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болжанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" ақпан айында күн жылыса, таулы аймақтарда жағдай қиындайтынын айтады. Толассыз жауған жаңбыр тау басында жиналған қарды ерітіп, көршілес елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін.
Синоптиктер қауіпсіздік мақсатында бассейндерге су қорын жинап жатқанын мәлімдеді. Дегенмен ауа температурасы көтеріліп, онымен қоса жаңбыр тоқтамаған күндері таулы аймаққа барудан сақ болу керек екенін ескертеді.
Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің бұйрығымен облыс аумағында 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді. Облыста су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен бар. Құтқарушылар үйлерді аралап, су басу қаупі төнген халыққа нұсқаулық бермек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"