Қазақстанның қай аймағы жұмыссыздар саны бойынша көш бастап тұр
2022 жылдың екінші тоқсанындағы статистика бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 452 мың адамға тең. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 0,1%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Иллюстративті сурет
Бұған қарамастан елді мекендердені жұмыссыздар саны 1,3%-ға өсіп, 182,8 мың адамға жетті. Ал қалалық аймақтарда олардың саны 0,7%-ға азайып, 269,1 мыңға тең болды.
2022 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздар деңгейі өзгеріссіз қалды (4,9%). Ауылдағы көрсеткіш те өткне жылғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Ал қалалық жерлерде жұмыссыздар саны 2021 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға азайды.
Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 4,4%-ға көтерілді. Дегенмен 2022 жылдың екінші тоқсанында әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ға жетті. Алайда бұл өткен жылғы көрсеткіштен (5,6%) аз.
Маңғыстау мен Түркістан облыстары жұмыссыздық деңгейі бойынша көш бастады (5,1%). Бұдан кейінгі орында Жамбыл мен БҚО бар, сонымен қатар Алматы мен Шымкент те жұмыссыздар саны көп аймақтар қатарына қосылды (әр аймақта 5%-дан).