Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның алты қаласында жаңа шектеулер енгізілді

Үкімет коронавирусқа байланысты Қазақстанның алты қаласында демалыс күндері (20-21 маусым) жаңа шектеулер туралы жариялады. Шектеулер 20 маусымда сағат 00:00-де әрекет ете бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатыны анықталды

Демалыс күндері, яғни 20-21 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында сауда орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді. Сондай-ақ саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, жағажайларға, аквапарктарға, фитнес-орталықтарға баруға тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығу шектеледі. Туристік аймақтарға кіру мүмкін болмайды.

Нұр-Сұлтанда қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүру шектелген. Ерекшеліктерге мыналар жатады: жұмысқа бару (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда), тұратын және жұмыс орнына тікелей жақын дүкенге, дәріханаға бару, шұғыл жағдайлар бойынша ауруханаға шығу және үй жануарларын үйдің жанында серуендету.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанның тұрғындарына 18-19 маусымда қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектерді жинау ұсынылды, өйткені 20 маусымда 00:00-ден бастап ірі дүкендер жұмыс істемейді.

20 және 21 маусымда сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және жаппай жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Демалыс күндері (20-21 маусым) Алматыда Сайран көлінің айналасындағы жаяу аймақта, барлық стадиондарда, Ботаникалық бақта, барлық жағалаулар, саябақтар, скверлер, Панфилов көшесі мен Арбатта серуендеуге шектеу қойылады.

 

Талқылау