Қазақстанның аграрлық несие корпорациясының бұрынғы топ-менеджері алаяқтық үшін сотталды
Қазақстанның ауылшаруашылық несие корпорациясының бұрынғы топ-менеджері алаяқтық айыбымен сотталды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, алаяқтық жасаған азамат "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары қызметін атқарған.
- Спорт саласында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізіледі
- Қайрат Сатыбалдының 120 миллион долларға бағаланатын активтері шетелден Қазақстанға қайтарылды
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды. Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан”, – делінген ақпаратта.
Агенттік шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын атап өтеді.
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.